Жаңалықтар 

Көксәйекте жедел жәрдем стансасы ашылды

Бұл медециналық орталық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылыпты. Жедел жәрдем стансасы бұрын соңды Көксәйек ауылында болмаған. Көп жылдық еңбек өтілі бар дәрігерлер бұл орталықтық ауыл өмірінде алар орнының ерекше екенін мойындайды.  Солардың бірі Хусан Момынов. 30 жылдық тәжіриебес бар Хусан мырза мұнда фельдшер болып қызмет етеді. Ол биліктің денсаулық саласына көптеп көңіл бөліп,  дамуына барлық жағдай жасап отырғаны үшін дән риза. Енді маман жетіспеушілігі мен техниканың жоқтығын ұмытуға болатындығын тілге тиек етті.

Хусан Момынов, дәрігер-фельдшер: “Кеңес үкіметі кезеңінде де мұндай орталық болмаған. Керек десеңіз армандамағанбыз да. Енді қазір, бәрі бар. Арнайы бригада да қосылды. Біз ақ халатты абзал жандар ең бірінші Елбасына, содан соң облыс басшысына алғыс айтамыз.”

Жаңа нысанның  арнайы гаражы, қызмет көрсететін 5 көлігі мен 4 бригадасы бар. Барлық жағдайы жасалып,қажетті құралдармен 100 пайызға қамтылған. Облысымыздағы денсаулық саласының басшылары мұндай стандарттағы орталықтарды барлық ауыл-округтерге орнатуды жоспарлап отыр.

Жұмағали Исмайлов, ОҚО Денсаулық сақтау департаментінің бастығы: “Былтыр 82 нысанның құрылысын бастаған едік, бүгінгі таңға дейін 75-ін халық игілігіне тапсырдық. Жыл аяғына дейін тағы да бірқатар денсаулық сақтау нысандармен ауыл тұрғындарын қуантпақ ойымыз бар. Халыққа сапалы қызмет көрсету үшін, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатырмыз. Бұл бастамалар келер жылы да өз жалғасын табады.”

Бүгін қызыл дентасы қиылған нысанның құрылыс жұмыстары наурыз айында басталған болатын. Оған облыстық  бюджеттен 60 млн. теңге бөлінген. Орталықтың автономдық жылу жүйесі бар.  Қыстың көзі қырауда қатты отынның қоры да жеткілікті екен. Енді Көксәйектіктер қорықпаса да болады.

 

Related posts