Мәнерлеп сырғанаудан Шымкентте Ашық Чемпионат басталды

көрсетілген өнер

Жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатына Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Орал, Атырау және Өзбекстан мен Қырғызстаннан спортшылар келді.

Шымкенттік мәнерлеп сырғанаушылар да додада өз шеберлігін байқатпақ. Қаламызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған ел бәсекесін өткізудегі басты мақсат облысымызда қысқы спорт түрлерін дамыту, спортшыларды алдағы жоғары дәрежелі сайыстарға іріктеу болып табылады.

Ал сайысты тамашалаушыларға мұз сарайының есігі ашық.