Жаңалықтар 

“Мейірім” оңалту орталығына “дәрігер аяз ата” келді

Дәрігер аяз ата. “Казкоммерцбанктің” жылда өткізетін қайырымдылық акциясы осылай деп аталады. Бұл шара арқылы банк Шымкенттік оңалту орталығының емделушілерінің тез сауығып кетуіне көмектесеумен бірге, мерекенің өте көңілді өтуіне ықпал жасайды. Балаларға биылда жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырлып, қажетті сыйлықтар мен дәмді тәттілер тарту етілді. Казкммерцбанк циребралды мүгедек балаларды құттықтады.

Жаңа жылдық көңілді ертеңгілік “Мейірім” оңалту орталығында өтті. Мүмкіндігі шектеулі балғындарға мұндай күтпеген сыйды Казкоммерцбанктың Шымкентегі филиалы мен “Құс жолы” қайырымдылық қоры жасады.

“Дәрігер аяз ата 2011” қайырымдылық жаңа жылдық акциясында тәтті тартулармен бірге, Казкоммерцбанк мен “Құс жолы” қайырылымдылық қоры циребралды паралич балаларға сауықтыру әрі, ой-өрісті дамытатын ойыншықтар табысталды. Биылғы жылы оңалту орталығының кішкентай емделушілері 145 құрастырмалы ойыншықтар және қимыл-қозғалысы қиын балаларға арнайы тренажерға сертификат берілді.

Жаңа жылдық ертеңгілік ертегі кейіпкерлерінсіз қызық болмасы еді. Сатира және әзіл-сықақ театрының әртістері балалардың көңілін көтерді. Балғындар да өз тарапынан сый әзірлепті. Өлең-жырларын дайындапты.
Жаңа жыл қарсаңында дәрігер аяз ата қонақ болған бұл бір ғана медициналық мекеме емес. Банк жетекшілігі дәрігер аяз ата өзге де балаларды қуантады дейді. Қайырымдылық акциясы 2008 жылдан бері өткізіл келеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz