ОҚО мәдениет қызметкерлерінің еңбегі еленді

44

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында 20 жұлдызды күндер бойынша 6-шы желтоқсан мәдениет саласына арналды. Облыстық опера және балет театрында өнер майталмандары марапатталды.

Алдымен бірқатар азаматтарға ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалі тағылды. Сонымен қатар бұл күні Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі және «Құрмет» дипломдары берілді. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының алғыс хаттары да табыс етілді.

Кеште өнерпаздар әннен шашу шашып, әріптестерін құттықтады.