Рақымшылық жарияланғалы отыр

245
колония бастығы

Мыңдаған сотталушы қазақстандық рақымшылық заңының күшіне еніуін күтіп отыр. Сондай-ақ, кейбір сотталушылар еліміздің қылмыстық кодексінің адамгершілікке бет бұрғанынан хабардар, олар үшін уақытынан бұрын бостандыққа шығуға мүмкіндік туды. Анық-қанығын қоныстандыру – колониясынан білдік.

Бірқарағанға бұл бес қабатты «Хрущев» үйлерінің бірі сияқты. Негізінде мұнда заңғабағынушылар мен емес, керісінше одан аттағандар өмір сүреді. Яғни, олар бұлыңғыр болашағын реттеп, бостандыққа шығу үшін арнайы әлеуметтік бейімделу курстарынан өтуде. Ол үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Айтжан Бакиров, ИЧ 167/10 мекемесінің бастығы:
«Біздің әкімдікпен арнайы бірлескен бағдарламамыз бар. Біз оларды жұмысқа тұрғызамыз, олар күзетшісіз бостандықта жұмыс жасайды.»

Алаяқтық қылмысын жасап, бес жыл бас бостандығынан айрылған Бахыт Дағарова мұнда осымен 3-ші жылын өткізуде.
Қорытындыда көрсетілген уақыттың 3 жылын өтеген ол бостандыққа шығуға мүмкіндік алды. Енді аз уақыт ішінде темір тордың есігін тарс жауып, бостандыққа шығатындығына үмітті.

Бахыт Догарова, сотталушы:
«Бұл рақымшылықты ұзақ күттік. Ол үшін Елбасына көп рахмет! Баспасөз беттерінен қарап, сол туралы жарнамалар оқыдық. Содан соң, түрме басшылығы бізге жария етіп, қандай шара қолдану керектігін түсіндірді. Болашағымыз -бір құдайға ғана аян. Мен өмір бойы жұмыс істеген адаммын, бір емес екі дипломым бар. Балаларымда өсті, қазір оқып жатыр. Сондықтан, жұмыссыз қалмайтыныма сенімдімін.»

Қоныстандыру колониясындағы 418 азаматтың 30-ы рақымшылыққа ілінсе, 50-інің сотталу мерзімдері қысқартылмақ. Десе де бостандықта оларды не күтіп тұрғаны, өздеріне байланысты.