Жаңалықтар 

Сүйікті аналарға арналады. Шымкентте аналар күні аталып өтті

Аталған мерекелік кешке жиналған аналар

Ардақты аналарға қанша уақыт бөлген дұрыс. Әрқайсымыздың бұл сауалға берер жауабымыз бар. Тек ерекше ықыласымызды бөлетін сәтте ол адам бұл өмірден табылмай қалса ғана, анамыздың аялы алақанынның ыстығын сезіне алмай немесе оның мейірімді көзіне мүлдем қарамай, бізге өмір сыйлағанына алғысымызды білдірмей анашым деп еркелемегінімізді түсінеміз.

11- желтоқсан Шымкентте ресми түрде аналар күні деп белгіленген. Мұндай шешім облысымыздың мәдени орталықтарының бас қосуында қабылданған. Ия бұл мереке күн тізбеде жоқ. Дегенменде бұл мереке өте қажет әрі аталып өту керектігін әрбіріміздің жүрегіміз сезеді.

Аталған мерекеге дайындық өте ұзақ уақыт жүргізілді. Көрсетілетін көріністермен оған қатыстырылатын әртістерді арнайы кастинг арқылы іріктеген. Өйткені барлығы әдемі, керемет болып аналардың жүрегінде ұзағынан сақталуын ұйымдастырушылар жағы барынша тырысып бақты. Ал бұл өз кезегінде тынымсыз еңбекті талап ететіні жасырын емес.

Театр сахнасында өнер көрсеткендердің ең жасы бесте, ал ең егдесінің жасы 70-тен асқан. Алайда анаға деген махаббат жаспен өлшенбейтінін білуіміз керек.

«Өткен жылдың наурыз айында парламентте аналар күнін ресми түрде тіркеу мәселесі қаралған болатын» Алайда ол мереке заңды түрде болмасада біздің орталықтар жылда атап өтеді дейді славян ұлттық орталығының төрағасы Юрий Кирюхин.

Аналар күні әлемнің 70 елінде аталып өтеді. Ал Америкалықтар бұл күні қызыл гүлді кеуделеріне тағып алады. Бұл аналар аман-есен екендіктерін білдіреді екен. Ал біздің Шымкентте Ордабасы алаңында «Жер ана» ескерткіші бар.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz