Жаңалықтар 

Шымкентке жасыл шырша әкелінді. Бірақ бағасы ұшып тұрғаны

Жақсы істі жалғастырушы жеткізушілер жасыл шыршаны әкелуді дәстүрге айналдырғандай. Қалаға кәдімгі тірі жасыл шыршалар келді. Бірақ, шымкенттіктердің басым бөлігі жасанды шыршаны жөн санап, соның саудасын қыздырып тұр.

Жыл сайын баршамыз қуана күтетін жаңа жыл мерекесін шыршасыз атап өту мүмкін емес. Оны отбасымен бірлікте безендірудің өзі бір ғанибет. Осыдан біраз жыл бұрын қала тұрғындары Қытайдан әкелінетін сапасыз синтетикалық жасанды шыршаға қанағат тұтатын. Ал бүгінгі таңда тірі шыршаға бет бұрып, жаңа жылдық көңіл-күйге бөленуде.

«Данияда арнайы тұқымбақ бар. Онда тек шырша егумен ғана айналысады. Біз ұсынып тұрған шыршалар сол жерден әкелінген. Айтпақшы,  Еуропада үйді жасанды шыршамен безендіру жат»-дейді арнайы маман Анна Фролова.

Десе де шырша сүйер қауымның өз еркінде.

«Кесілген шырша пәтерімізде бір-бір жарым ай тұрады. Ең бастысы оны арнайы шелекке құм салып, жақсылап отырғызу керек. Сосын сол құмның ылғал болуын қадағалағанда жөн. Оны суарса да болады. Егер оны жылуға жақын жерге орналастырсаңыз ол сарғайып кетуі мүмкін. Айтпақшы, мерекеде сәнделген шыршаңызды қайта ашық жерге орналастырсаңыз болады.» -деген кеңес береді мамандар.

Тірі шыршалар далада сасымайды. Тек үйге мерекелік күй сыйлайды. Тірі шырша жасандысына қарағанда қымбатырақ. Кесілгенінің метрі — 4800 теңге, ал тамырымен сақталғаны — 9500 теңге. Бұл біреулер үшін қымбат болса, келесісі үшін тиімді.

«Менің ешқандай қарсылығым жоқ. Шынымыды айтсам, өзімнің үйімде де жасанады шырша тұр. Тірі шыршаны қою балалық шақтың еншісінде кеткен сияқты. Бірақ, тірісіне не жетсін?»- дейді бірқатар шымкенттіктер.

Мейлі, жасанды болсын, тірі болсын, сол жасыл шыршасыз Жаңа жылдың сәні кірмейтіні рас!

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz