Жаңалықтар 

Шымкентте қар жауғанда қозғалыс қиындайды

Түнімен жауған қар қалың болмағанымен, таңертеңнен көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді бірәз әбіржітті. Қала көшелерінің тазалығына жауапты “ЛТД тұрмыс” ЖШС мен “Юг дорсервис” мекемесінің мамандары көше жолдарын қардан тазартуға таңғы сағат 4-тен бастап кіріскенін айтып ақталуда. Бірі 15, екіншісі 13 қар тазалау техникаларын жұмылдырған. Қаладағы 120-ға жуық көшеге тұз аралас құм септік деп отыр. Ал, көлігінің доңғалағы тайып көше кептелісінде тұрған жүргізушілер мен жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік иелері жол тазартушылардың жұмыстары көңілімізден шықпады дейді.

 Қаладағы 120-ға жуық көшеге тұз аралас құм септік дейді мамандар. Ал, көлігінің доңғалағы тайып көше кептелісінде тұрған жүргізушілер мен қоғамдық көлік иелері жол тазартушылардың жұмыстарына наразы. Жұмыс сапасыз жасалып жатыр дейді олар.

Жол көк мұз, жүру мұмкін емес. Тассай жақта жағдай мұлдем қиын. Жолаушы көп, ал біз кестеден кешігіп жүрміз. Жолаушылар мен жүргізушілер байқағанындай,  жолдарға тұз аралас құм себілді деп айту қиын. 360 шақырымға 120 текше құм шашылған деп мәліметті тек “ЛТД тұрмыс” ЖШС-і берді.

Оған “Югдорсервис” ЖШС-нің қызметін қосыңыз, нәтижесінде көшеде көк тайғақ болмауы тиіс еді. Түс ауа аздап еріген қар кешкісін қайта қататыны белгілі. Екі мекемеге алдағы тәуліктерде де еңбектенуге тура келеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz