Шымкентте автотұрақтарға 67 миллион теңге бөлінген

228

Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылында соңғы 1,5 жылдан бері істен шығып, жұмыс істемей тұрған жылдамдық өлшеуіш жанына қозғалыс тежегіш орнатылды. Қала көшелеріндегі көлік қозғалысын реттеу мақсатында қала басшылығы жол жиектеріне арнайы тұрақ салуды да қолға алған болатын. Екі жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе шешімін таба бастады.

Естеріңізде болса, Қонаев даңғылының бойында қараша айының 21-жұлдызы күні аса жоғарғы жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі 16 жасар қызды қағып қайғылы оқиға орын алған болатын. Жаға ұстар жағдайдан кейін осы жол үстінде тұрған жылдамдық өлшегіш құрал неге көп жылдан бері жұмыс жасамайды деген сауал туындап, оны іске қосуға қыруар қаржы қажет екендігі анықталды. Нәтежесінде жергілікті басшылар мұнда жасанды кедергі қоюға шешім қабылдады.

Бір жылдың ішінде қала көшелерінің 57 жерінде уақытша автотұрақтар пайда болды. Бұған 2010 жылы жасалған 17 тұрақты қосқанда жол жиектерінде 71 тұрақ бар.

Мамандардың мәлімдеуінше, келесі жылы да жұмыс жалғасады. Тек биылғыдай ауқымды болады деп айту қиын. Қала көшелерінде тұраққа ыңғайлы орындар кеміді дейді.  Көлік жүргізушілері сол тегін тұрақты ақша табу көзіне айналдырғандарға алданбаса болғаны.