Шымкентте із-түссіз жоғалған қос жігіттің мәйіті табылды

Жас жігіттер автокөлікте газға уланып өлген

Із-түссіз жоғалған 23 жасар Бақдәулет пен 22 жасар Шыңғыс Жаманқұловтың ісі қайғылы жағдаймен аяқталды.  Хабарсыз кеткен жігіттердің өлі денесі гараждағы БМВ автокөлігінің ішінен табылған. Алдын ала жасалған болжам бойынша олар улы газға тұншығып өлген.

Естеріңізге сала кетсек, өрімдей қос жігіт 11-желтоқсан күні жоғалған. Кей мәліметтерге сенсек, Бақдәулет қалаға өзінің БМВ маркалы 525 нөмірлі автөкөлігімен шығып кетеді. Сөйтіп сол кеткеннен өз үйіне оралмайды, тіпті сол күні жұмысына да бармаған. Ал әріптестері онымен бірге Шыңғыстың да ізім-ғайым жоқ болып кеткенін айтуда. Олардың дәл сол түні жолығып, кездескені де анық емес.

Бұл іспен Абай аудандық полиция бөлімі айналысты, алайда іздеу жұмыстары еш нәтиже көрсетпеген. Туыстары тек 12 күн өткеннен кейін ғана Бақдәулеттің гаражына кіріп, қайғылы оқиғаның куәсі болады.

Ұжым Шыңғыс пен Бакдәулеттің туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.