Спорт 

Шымкенттің пауэрлифтинг шеберлері Азияны бағындырды

Давран Тұраханов және Ұлықбек Эрметов Азия чемпионатынан оралды. Күн шығыс елінің Кобэ қаласынан оралған жерлестеріміз алтын медальға қол жеткізді. Давран ересектер арасында топ жарса, Ұлықбек ардагерлердің ішінен ептілік танытты.

Жерлестеріміз үшін бұл Азиядағы алғашқы жеңіс емес. Олар жыл сайын облысымыздың жүлде қоржынын медальдармен толықтырады. Биыл да қос алтын — мереке қарсаңында ауыр атлетика мектебінің ұжымына үлкен сый болды.

Жарыстан келе салысымен-ақ чемпиондар жаттығуға қайта кірісіп кетті. Өйткені алдағы жарыстарда ептілік танытып, көрсеткішті бұдан да жоғарылату қажет.

Бұл дода барысында жерлестеріміз халықаралық дәрежедегі төреші болу үшін арнайы емтиханнан өткен. Ұлықбек Эрметов сыннан сүрінбей өтіп, осындай мәртебеге ие болып отыр.

Жерлестеріміздің алдында кезекті сын күтіп тұр. Давран Тұраханов Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алып, келесі жылы бұл жетістікті қайталай түсу қажет. Бүгінде осы мақсатты іске асыру үшін жерлестеріміз жаттығуға залында тынбай тер төгуде. Алдағы уақытта Пуэрто-Рикода Әлем Чемпионаты өтсе, Үндістанда азияның ептілері жиналады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz