Жаңалықтар 

Шымкенттік суретші мәртөбелі сыйлықтың лауреаты атанды

Шымкенттік суретші Саид Атабеков Халықаралық Голландиялық Клаус атты ханзада атындағы мәртөбелі сыйлығының лауреаты атағын иемденді.

Клаус атты фондттың жұмыс жасап келе жатқанына 15 жылдай уақыт болды. Жыл да бұл атақты алуға еліміздің барлық белді деген суретшілері ниет білдіреді. Ал жеңімпазға берілетін қаржылай сыйақының құны 100 мың евро.

Қалған 10 суретші 25 мың евродан алады. Ал жерлесіміз Саид Атабеков 10 суретшінің бірі болды. Яғни ол 25-мың евроны қанжығасына байлады. Бір қызығы біздің суретшінің аталған байқауға қатысу өтінішін Италия елі беріпті. Ал өзіміздің Қазақстандықтар ерекше дарын иесінің бар екендігін білмейдіде екен.

Клаус атты фондттың дипломымен 25 мың евроның сертификатын табыстауға Шымкентке Голландияның Қазақстандағы елшісі Питер Ван Лювин арнайы келіпті.

САИД АТАБЕКОВ, Суретші: «Заманауи үлгідегі бұл өнер түрі қазір барлық елдерде әйгілі. Ал өзіміздің Қазақстанда жақсы дамымаған деп айтсақ болады»

Бүгінде Саидттың қолынан шыққан туындылар қаламыздағы бірнеше саябақтарынан кездестіруге болады.

Related posts