Жаңалықтар Спорт 

Шымкенттік желаяқ Ольга Терешкова спорттан кетеді

Мұны ОҚО жеңіл атлетика федерациясының вице президенті Виктор Кравченко мәлімдеді. Негізгі себеп — спортшының аяғы ауыр.

«Мен шәкіртім үшін қуаныштымын» -дейді Виктор Кравченко. Спортта жүріп Ольга көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ал Лондондық Олимпияда басталғанда ол босанады. Сондықтанда оның қатыспағаны дұрыс деп шештік.

Соңғы кездері Ольга жайында әсіресе оның допинг қабылдайды деген көптеген әңгімелер айтылды. Спортшымыз Жапонияда өткен жеңіл атлетшілер арасындағы Азия чемпионатында «А» түріндегі тексеруден өтпеген. Өйткені олардың шығаратын қорытындылары тестатордың қалыпты жағдайынан жоғары болып шықан.

Жақын арада бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі Шымкенттік жеңілатлетшіге қатысты шешім шығармақ. Бірақ, бұл желаяқтың спорттан кету жөніндегі тоқтамына әсер етпейді екен.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz