Жаңалықтар 

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратушыны ұстады

HYPER HOUSE (ГиперХаус) сауда үйі телефон терористінің құрбаны болды. Берілген мәліметтер бойынша оқиға 18-ші желтоқсан күні орын алған.

Белгісіз бір ер кісі 22:30 шамасында орталықта жарылғыш зат орнатылған деп хабарлама жібереді. Оқиға орнына арнайы жасақталған топ жетеді.Ол уақытта супермаркет жабық болғандықтан, адамдарды эвакуациялаудың қажеті жоқ болатын.Тексеру нәтижесінде ешқандай күдік туғызар зат табылмағаны анықталып отыр.

Жедел түрде жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде құқық қорғау органдары 19 жасар жас жігітті ұстады. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Оған әкімшілік немесе қылмыстық жаза қаралуы мүмкін.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz