Жаңалықтар 

Тәуелсіздік мерейтойындағы шаттық

Шымкент  «Мега орталығы» Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық торқалы тойында қала тұрғындарына тарту жасады. Еліміздің маңызды мейрамы мұнда ерекше атап өтілді.

Тәуелсіздік тойын бауырсақ жеп, түрлі сынақтардан өтіп тойлауға кез-келгеннің мүмкіндігі болды. Шымкенттегі «Мега орталықта» ән бимен әрленген ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Алғашқы өткізілген байқаудың бірі- мерекелік викторина болды. Сұраққа жауап беріп, сыйлық алған, бақ сынаймын дегендердің қатары да көп.

Өз тілегіңді білдіріп, әрі сыйлық ұтып ал! Осындай ұранмен «Корона» макарон фабрикасы байқау өткізді. Құттықтау сөздері жазылып, тілектер арнайы барабанға салынды. Перизат Әуелқұлова ақшалай сыйақы алған бақытты тұрғынның бірі.

Перизат Әуелқұлова, қала тұрғыны: «Тәуелсіздігіміз құтты болсын!» Елімізді қазір әлем таниды. Оның пікірімен санасады. Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқанымды мақтан етемін. Құтты болсын мереке.»

«Мега орталыққа» келгендер тәтті жеп, сыйлық олжалап қана қойған жоқ. «Тұмар» ансамблі көрермендерге, өнерлерін көрсетпі, шашу шашты. Ал «Қара жорға» биі көпшілік көңілінен шықты.

Жиналғандар 20 жылда ел жаңарғанын айтып, Республика, Шым қаламыздың ары қарай көркее беруіне тілектерін аямады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz