Жаңалықтар 

Тәуелсіздік-жастар көзімен

Ел тәуелсіздігінің торқалы тойы қарсаңында ОҚО жастары бас қосып, форум өткізді. Мұнда олар “Біз тәуелсіздікке не бердік?” тақырыбында баяндама жасап, өзара пікір алмасты.

“Тәуелсіздік- жастар көзімен” атты форумға бас партияның облыстық филиалы өкілдерімен, “Жас Отан” жастар қанатының белсенді мүшелері және жоғары оқу оырндары мен орта арнаулы оқу орындарының белсенді студент жастары қатысты. Жас болса да, бас болып жүрген олар мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мен алдағы уақытта атқарылатын істеріне кеңірек тоқталды.

Әсіресе, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің  белсенді студенттері ұтымды ойларымен көзге түсті. Олардың ішінде жас ассамблея ұйымының мүшесі Клименко Александр таза қазақ тілінде сөз сөйлеп, қазақ жастарын мемлекеттік тілді құрметтеуге шақырды.

Форум аясында патриоттық рухты көтеретін жалынды сөздермен, қонымды әңгімелер көптеп айтылды. Міне, осылайша, тәуелсіз елдің жастары елін, жерін, тілін құрметтеп, қастерлейтіндігін тағы байқатты.

Related posts

Пікір қалдыру

3 пікір - "Тәуелсіздік-жастар көзімен"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Бугін мен осы форумга шакырылган конак едім. Бірак бара алмадым, сіздердін сайттарыныздан коріп, бармаганыма окініп отырмын. Жалкау емес, жалынды жастар кобейсін!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Озімізден тауелсіздіктін урпактарын тарбиелеп журміз гой. Коз тимесін,бет алыстары жаман емес. Оздері арнайы когамдык уйымдар курып кана коймай, таза жумыс жасап жаткан да осы жігіттер. Тауелсіздігін дәріптеген жастар аман болсын!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Туу, айтеуір козбояшылык таусылмайд екен. Оз басым сенбеймін мундай типа білгіштерге

wpDiscuz