Жаңалықтар 

Тағы бір кәсіпорын кеңселі болды

«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Шымкенттегі филиалы бүгін қоныс тойын тойлады. Жаңа ғимарат кеңсе жүйесінің қызметін жетілдірудің үшжылдық бағдарламасы шеңберінде салыныпты. Заманауи техникалармен жабдықталып, соңғы үлгіде салынған кеңсеның кілті салтанатты түрде «ОҢТҮСТІКМЕМСАРАПТАМА» ұжымына тапсырылды.

Жалпы соңғы үш жылда «Мемсараптама» аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіріп, өндірістік-шаруашылық инфрақұрылымын дамытуды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Салтанатты шараға бас сарапшы Берік Ережопов мырзаның өзі қатысты.

Жаңа әкімшілік ғимараттарда тек «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық еншілес кәсіпорындары ғана орналасып қоймайды, сонымен қатар құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің аумақтық өкілдіктері де орналастырылатын болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz