марапаттау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы қос мерекені атап өтті.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында құрылғандарына 5 жыл толған орталық басшысы Мұхамедқали Шыршықбаев әріптестерін құттықтады. Салтанатты түрде өткен іс-шарада орталықтың белсенді қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды.

Олардың ішінде облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен және «Нұр Отан» ХДП-ның алғыс хаттарымен марапатталғандар мен төсіне ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медаль таққандары да бар.

Ғалымжан Нұрмаханбетов, ХҚКО-ның Арыс аудандық филиалының  жетекшісі:

«Еңбегімізді елеген Елбасына, облыс басшысына үлкен рахмет. Көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шарықтатқан мереке құтты болсын! Тәуелсіз елдің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!»