Жаңалықтар 

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ащы шындық

Шымкент қаласындағы Мәделі қожа көшесінде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығының тұсынан емін-еркін өту мүмкін емес. Жол жөнекей қойылған көліктер мен кептеліп қалған темір тұлпарлар қоғамдық жол қозғалысын қиындатып жіберген. Тұрғындар жаяу барсақ тез жетеміз деп қынжылады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығының ішіне кіре қалсаңыз, жүрегіңіз қысылады. Ішке ентелей кірген тұрғындар мұнда бұрынғыдай сағат 9-дан емес, таңғы 4-тен бастап күзететін болған.

Ұйқысы бұзылып, тынышынан айырылған тұрғындардың бар ойы жеке сәйкестендіру нөмірі бар төлқұжат алу. Егер олар желтоқсан айының соңына дейін тегін ауыстырып үлгермесе, келесі жылдан бастап айыппұл төлеуге тура келеді.

Табандарын тоздырған кезек күтушілердің саны күннен-күнге артып келеді. Тіпті 3- рет келіп, құжатқа қол жеткізе алмай жүргендер бар. Қалалықтар құжат мәселесіне келгенде жайбасарлық танытып, бей-жай қарайды. Өйткені осыдан біраз уақыт бұрын тұрғындарға төлқұжатты ауыстыру туралы ескертілген болатын, тіпті жеке сәйкестендіру нөмірін алу уақыты да кейінге ауыстырылған.

Қазір тек балаларға ғана жеңілдіктер жасалған. Жасөспірімдер 2012 жылы да өз құжаттарын тегін ауыстыра алады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы байбалам салғандар мектеп ұжымы деп отыр.

«Мектептегілер кінәлі. Олар барлығына байбалам салып, оқушыларды аз уақытты жеке сәйкестендіру нөмірін алу керек деп  дүрліктірді. Ал балаларға 2011 жылы ауыстыру міндетті емес», — дейді халыққа қызмет көрсету орталығындағы операциялық залдың бастығы Ғалым Маймышев.

Қазір қызметкерлер таңғы сағат 7- ден бастап халыққа қызмет көрсетуде. Тіпті екінші ауысымда да жұмыс жасайды. Тіпті мұндай қызмет түрі де әзірге келушілердің санын азайтар емес.

 

Related posts

Пікір қалдыру

4 пікір - "Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ащы шындық"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Халыкка кызмет корсету орталыгынын кызметкерлері сапалы кызмет корсете алмайды. Ол жумыстагы адам. Онсызда жуйкесі тозып, кезегі арен жеткен кісі мен урысып турганша, міндетін аткармайма? Мен сол кісінін орнында болганымда сол кызды сотка берер едім.

Мен анаммен бірпге ЖСН алу үшін барғанымызда толтыратын бланк жоқ деп, екі күн жүргенбінбіз. Әрине қызметкерлерге де оңай емес күніне сонша адамдардың құжатарымен жұмыс жасау, бірақ тұрғындапрды да түсіну керек. Өйткені кәрі апалар да пенсияларын ала алмай қалмау үшін сонда барып, шаршап отырғандарын көрдік. Ішінде отыратын орындықтар аз. Адам көп.

халыкка кызмет корсету орталыгында психолог маманынын кызметі кандай?

Тұргын үйге калай кезекке тұруға болады.Көмектеріңіз болсын айтып жіберіңіздерші.Үкіметтен берілген үйге өзіміздің қазақтар емес шеттен келген орыс-өзбектер мекендеп алған.

wpDiscuz