Жаңалықтар 

Жәрмеңке көпшіліктің көңілінен шықты

Биылдыққа соңғы жәрмеңкелердің бірі сенбі күні Қонаев даңғылында ұйымдастырылды. Адамның қарасы қалың болды. Сөредегі өнімдерге,олардың бағасы жайлы тұрғындардың пікірі сан-алуан. Бірі барлығы керемет десе, кейбіреулері бағалардың базар құнынан еш айырмашылығы жоқ-өнімдер мұздатылған, ет майлы құр сүйек.Әкімдік неге қадағаламайды деп сындарын да жеткізуде.

Алайда арнамыздың түсіру тобы сауда қатарларын аралап, еттің бағасы базардан төмен екендігін анықтады. Балдың түр- түрін саудалап тұрған омарташылар биылғы жыл ауыр болды дейді.

Омарташы Александр Попов: “Балдың өнімділігі баларасы жайылымдарындағы өсімдіктердің гүлденуіне, шауқты күндерге тікелей байланысты. Келер жылы табысты болады деген үміттеміз.”

Ауа райының қолайсыздығынан жергілікті диқандар да жоспарлаған өнімдерін жинай алмады. Ынтымақ ауылының шаруасы Мұрат Ирисов жердің астында 40 пайыз өніміміз қалды. Амал нешік, барымен қанағатпыз дейді. Диқан 31-желтоқсандағы жәрмеңке жұма күні өтсе екен деген қала әкімдігіне өтініш жасауда.

Жалпы жәрмеке көпшіліктің көңілінен шықты. Қалалықтар делдалсыз бағалар мен сапалы өнімдері үшін жергілікті өндірушілерге ризашылықтарын білдіруде. ауылдағы еңбеккерлердің ерен еңбегі арқасында Жаңа жылдық мерекелі дастарханымыз мол болады дейді шымкенттіктер

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz