Жас ғалымдар қаржы болса өндірісті дамытпақ

өнертапқыштардың дені жастар

Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының білімділері өздері ойлап тапқан ең үздік туындыралын көпшілікке таныстырды. Бұл іс шара ел тәуелсіздігіне арналған 20 шуақты күннің аясында өтіп отыр.

Шараның мақсаты индустриалды иновациялық дамуды ілгерілетуге бағытталған. Сонымен қатар жас ғалымдардың өнер туындыларын жарыққа шығару. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда әсіресе ғылыми зерттеулерді коммерциализациялауды қолға мықтап алу керек. Алайда өнертапқыштар арманын ақиқатқа айналдыруға келгенде  қолы ұзаққа созылмай, қақбайланып тұрады. Қаржы жетпейді көбіне мұндайда. Сол үшін бизнес пен ғылымды бір арнаға тоғыстыру қажет дейді,- ұйымдастырушылар.

Өнертапқыштардың айтуына қарағанда қаз қатар тізілген жасанды макеттер қаржыландырылып жүзеге асар болса, бірі экономиканың, енді бірі техникалық өндірістің дамуына үлес қоспақ.