Жаңалықтар 

Жеке сәйкестендіру нөмірін 2013 жылы алуға болады

Астанада Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты  палатасының депутаттары пленарлық отырсы кезінде «Қазақстандағы  қор нарығын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады. Осыған сәйкес  СТСН мен БСН енгізу 2012 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың  1 қаңтарына  ауыстырылады.-деп хабарлайды BNEWS-KZ сайты.

Негізгі құжат

«Заң жобасын талқылау барысында сенаторлар бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасына  бірден  түзетулер енгізу қажеттілігі туындады. Белгілі бір адамдарға қатысты мәліметтерді  бірыңғай тіркеу жүйесіне  көшу  мақсатында СТСН мен БСН енгізу 2012 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың  1 қаңтарына  ауыстырылды», – деді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов.

ІІМ миграциялық полиция комитеті желтоқсан айының басында әлі 25 мыңға жуық қазақстандықтардың ЖСН-не ие еместігін жеткізген.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz