«Қошқар ата» маңында демалыс аймағы салынады

қошқар ата

Спорт алаңшалары мен бастырмалар және аквасаябақ. Таяу арада Шымкенттегі бас өзен – Қошқар атаның аумағы осылайша көріктенеді. Мамандар қазіргі күні жұмыс жобасын әзірлеуде. 20 гектардай алаңқай аттракциондар мен демалыс аймақтары және қауыз сондай-ақ, кафелермен толығады. Яғни, жаңа мекенде демалу үшін жағдайдың бәрі де қарастылады.

Құрылыс өзен арнасының 1 шақырым 600 метрін ұзындығы бойынша, 100 метрге дейін ені бойынша қамтымақ. Бұл өзеннің теміржол вокзалынынан бастап, Ордабасы алаңына дейінгі аралығы деген сөз.

Архитекторлардың сәулеттік жобаларын шындыққа айналдыру үшін ең алдымен өзен жағалауын құрылыстық жұмыстардан тазарту қажет. Бірақ облыстық басшылықтың сөзінше, бұл өзенді көріктендіру мен онда демалыс аймағын салуға бөгет болмайды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспановтың сөзінше, алаңқайдың санитарлық бөліктері секілді бірнеше түйткілдер бар болғанымен негізгі жоба жүзеге асырылмақ. Әзірге жобалаушылар келісім жұмыстарын жүргізуде. Бас жоспар түзілген соң, жоба мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.