Спорт 

Үздік желаяқтар анықталды

Оқушылардың қысқы демалыс кезінде бапкерлер шымкенттің үздік желаяқтарын анықтауды жөн санапты. Бұл жолы ұзындыққа секіруден 13 жастағы жеткіншектер ептілігін сынға салуда.

Шымкенттің 60-тан астам желаяғы жеңілатлетиканың бес түрі бойынша ептілігін байқады. Ұзындыққа секіріп, 60, 300 және 600 метрге жүгірді. Сондай ақ, бұл біріншілікте жылдамдыққа жаяу жүру бойынша да чемпиондар анықталды. Валера Пилина, Анастасия Саляхова және Багдан Хамилюк қатарластарының арасынан озып шықты.

Сергей Королев, спортшы: “Алдағы жарыста топ жарсам деймін. Бұл жолы 60 метрді 8 минут 20 мезетте жүгіріп өттім. Республикалық турнирде бұл көрсеткішті жақсарта түсемін деп сенемін.”

Қала біріншілігінің қорытындысы бойынша облыс құрамасы жасақталынады. 20 спортшы іріктелініп, 13 жастағы желаяқтар өзінің алғашқы республикалық турниріне жол тартады. Жарыс Қарағанды да өтеді.

Қала біріншілігінің қорытындысы бойынша 60 метрге жүгіруде Алена Железниковамен Сергей Королев топ жарса, Зухра Киреева, Маргарита Шольц және Лев Ши-Мо-Сын  300 -600 метрге жүгіруде бірніші орыннан көрінді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz