Жаңа сәулеттік күйге енген ғимараттың енді желдету жүйесі бар, едені жөнделген. Ғашықтарды қосқан салтанатты сәт үшін ақасын ғана төлесеңіз болды, тойыңыздің есте мәңгі сақталып қалардай өтеріне сене беріңіз.
Іргетасының қаланғанына 90 жылдан асқан АХАТ ғимараты кәсіпкерге бір жылға жалға берілген. Бірақ ондағы ақылы қызметтер қала тұрғындары үшін қорқынышты емес дейді сонда некесін қидыруға келген жас жұбайлар мен олардың жақын туыстары.
Сөйтіп, Шымкентте енді екі АХАТ бар. Бірінде көрсетілген қызмет үшін 15 мың теңге төлейсіз. Келесісіне 40 мың теңгеніңізді санап бересіз. Бірақ жас жұбайлар қалтасындағы теңгесін үнемдегісі келсе салтанатты рәсімдерден бас тартуына болады екен.