Жаңалықтар 

6 жасар Іңкәр республикалық байқауда бірінші орынды жеңіп алды

№45 мектептің 6 жасар оқушысы Іңкәр республикалық «Зимняя сказка в Алматы» байқауында бірінші орынды жеңіп алды.

2012 жылдың 5-9 қаңтар аралығында өткен фестиваль-конкурсты «Күншуақ» қоры ұйымдастырған. Өнерпаздарға қолдау танытқан Алматы қалалық әкімдігі. Ал Шымкенттің намысын қорғаған екеу, бірі — Қуаныш Ережап болса, екіншісі — Іңкәр Алиасқар Ерғалиқызы. Талантты қыз вокал бойынша жарысқа түсіп,  бірінші орынға ие болды.

Жеңімпаздарды марапаттау сәті республикалық оқушылар сарайында өтті. Дипломмен біздің кішкентай жұлдызымыз бен оның жетекшісі Зульфия Богданова да марапатталды.

«Куншуак» ән байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен  200-ге жуық үміткер қатысқан. Олардың өнерін бағалап, таразылап, әділ бағасын берген қазылар алқасы — еліміздің  өнер қайраткерлері мен кәсіби мамандар.

Кішкентай жеңімпаз вокал үйірмесіне қатысумен қатар оқушsлар сарайында хореографиямен де айналысады. Іңкәр болашақта би байқауына қатысуды да армандайды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz