Жаңалықтар 

Алдаркөсеге ескерткіш орнатылады

Алдаркөсе

Иә-иә, бұл жаңажылдық қалжың емес. Шымкентте облыстық сатира театрының алдынан ертегі-аңыз кейіпкері Алдаркөсенің ескерткіші бой көтеретін болады. Бұл жаңалықты облыс әкімі А.Мырзахметов журналистерді Жаңа жылымен құттықтаған басқосуында жеткізді. Бұдан бөлек 2012 жылы Шымкентте ірі нысандар құрылысы басталмақ. Оның ең бастысы әкімшілік ғимараты болмақ. Өздеріңізге белгілі облыстық деңгейдегі басқармалардың көбі әр жерде, ғимараттарды жалдап алып отыр. Ал, биыл облыстық әкімдікке қарасты барлық құрылымдық ұжымдар бір жерде отыратын зәулім ғимараттың негізі қаланады. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 5 млрд, қалалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.

Танымастай құлпырғалы отырған Шымкентте сонымен бірге Орталық саябақ түбегейлі өзгермек. Саябаққа жапсарлас орналасқан өрт сөндіру бекеті басқа жаққа көшіріліп, жеке бизнестік нысандар алынып тасталады. Көпшіліктің демалып тынығуына қолайлы жағдай жасалып, әуенмен тербелетін субұрқақтары салынбақ.

Ауқымды жиындар мен мәртебелі қонақтарды қабылдайтын «Түркістан» атты салтанат сарайы салынбақ. Оның алдында мерекелік іс-шара өткізуге қолайлы алаң болады. Орыс драма театрына да ғимарат биыл, сәтін салса бұйырғалы тұр.

Ұлу жылында бой көтеретін үлкен нысандардың бірі 5 мың жамағатқа арналған мешіт болғалы тұр. Әрине, Шымкент қаласы мешіттерден кеңде емес. Дегенмен имандылыққа ұйыған елге тағы бір үлкен мешіт бой көтеріп жатса артық болмасы анық. Облыс әкімінің бұл жобасын құптаушылар көп.

Мемлекеттік негіздегі 2 колледждің де іргесін қалау 2012 жылдың еншісіне бұйырып тұр. Оның бірі «Қазатомпром» АҚ-ы техникалық мамандықтар дайындау үшін салса, екіншісін өкімет медициналық колледж етіп ашпақ.

Биыл жалғасын табатын жақсы істің тағы бір тұрғын үй салу. Мемлекеттік бағдарлама әрі қарай жалғасын таппақ. Шымкентте баспанасыз жүрген отбасы қалмауы тиіс. Осы мақсатты ұстанған билік бұл істі жаңдандыра түсуге құлшынып отыр.

Өткен жылы Шымкент қаласы ең көрікті, ең таза қала аталымы бойынша халықаралық марапатқа ие болғаны белгілі. Ұлу жылында бізді күтіп тұрған игі бастамалардың бірқатары жоғарыдағыдай. Ендігі жерде соны іске асыратын жігер, айтқанды орындайтын табандылық болса болғаны!

Related posts

Пікір қалдыру

3 пікір - "Алдаркөсеге ескерткіш орнатылады"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Шынымен кызык екен. Бул да болса болашак балдарымыз ушін улттык рухта тарбиелеуге косар улесі зор шыгар. Мойындау керек Шымкент коркейіп келеді. Енді сол бой котеретін курылыстар сапалы болгай деп тілейік

Алдаркосенін ескерткішін не ушін салмак, ол кімге керек? Одан да калада кулап, кисайып турган тулгалардын ескерткіштерін кайта жондемей ма?
Мен сол каладагы тургызылган ескерткіштерге карап карным ашады. Балдарыма анау жазушы, мынау суретші, мынау галым деп айтуга уяласын, барі мульфильмиін кейіпкерлері сиякты

Әкімдік ғимаратының құрылысы қашан болатыны жөнінде, кімнене толыққанды жауап ала аламыз?

wpDiscuz