Жаңалықтар 

Асқар Мырзахметов өз таңдауын жасады

№95 сайлау учаскесі қаланың орталығында орналасқан. ОҚМПИ-ның оқу корпусына 15-қаңтар күні таңертең алғашқы сайлаушы сағат 6.30 да келген. Алғашқы бір сағаттың ішінде бұл учаскеге Мәжіліс және жергілікті маслихаттарға үміткерлерді сайлауға 40 адам келіп үлгеріпті.

Учаске төрағасы Беркінбай Шуланбековтің айтуынша, белсенділік танытып отырғандар негізінен зейнеткерлер және орта жастағы азаматтар.

Бақылаушылар да сағат 7.00 ден өз орнында болды. Бақылаушылардың бірі ЖОО-ның педагогы Құлжан Арықбаевтың айтуынша, барлығы заң талаптарына сай өтуде. Сайлаушылар тарапынан тәртіп бұзушылық , түсінбеушілік орын алмаған. Бұл біздің азаматтарымыздың саяси сауаттылығының артып отырғанын көрсетеді дейді ол.

Асқар Мырзахметов-ОҚО әкімі

Таңертеңгі сағат 9.30 да 95 сайлау учаскесіне облыс әкімі Асқар Мырзахметов жұбайымен келіп,  дауыс берді. Мұнда келушілердің барлығының көңіл күйі көтеріңкі.

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: “Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бұл алғашқы сайлау емес. Бірақ, бұл жолғы сайлаудың өз ерекшелігі бар. ОҚ-тар отандастары секілді бір емес, бірнеше саяси партиялардың атынан додаға түсіп жатқан үміткерлерге дауыс береді. Жергілікті Маслихаттарға халықтың мүддесін қорғайтын азаматтарға дауыс беруі қажет. Таңдау жасау, дауыс беру әрбірініің азаматтық міндеті.”

Related posts