Жаңалықтар Халық жаңалығы 

Аты-жөніңіз тізімде жоқ болса да, сайлауға қатысу мүмкіндігіңіз бар

1097 оңтүстікқазақстандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелуге ниет білдірген. Сайлауалды науқан барысында 38 адам түрлі себептермен кандидаттар тізімінен түсіп қалған. Сайлаушылар тізімі екі миллионға жуық.

Бірақ облыстық сайлау комиссиясындағылар кейбір азаматтардың түрлі себептермен тізмге енбей қалу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сондықтан да өзіңіздің сайлауға қатысу, яғни конститутциялық құқығыңызды пайдалану үшін жеке куәлігіңіз бен үй кітапшасымен сайлау учаскеңізге келу керексіз. Сол кезде ғана тізімге енбей қалсаңызда сізді дереу құжаттарыңыз арқылы сайлаушылар тізіміне қосып, дауыс беру мүмкіндігіне ие боласыз.

Бақыт Тілеубаев, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары: «Шымкентте тіркеліп, Қазақстанның өзге қалаларында жұмыс істеп немесе оқып жүргендер аз емес. Егер жеке куәліктері мен үй кітапшасын алып келсе, біз сайлаушылар тізіміне енгізе аламыз.»

Related posts