Жаңалықтар 

Балаңызға ЖСН алып беруге міндеттісіз

Баласы 16 жасқа толмаған ата-аналар өздері  тез арада оларға ЖСН алып беруге міндетті.
Бұл қарбаласқа 2007 жылдың тамыз айында туылған балалалардың ата-анасы уайымдамаса да болады. Өйткені сол жылы-ақ туылған жасөспірімдердің туу туралы куәлігіне ЖСН автоматты түрде енгізілген екен.

Қалалық АХАЖ бөлімінің маманы Динара Тілепованың айтуынша, әр баланың туу туралы куәлігіне мұқият қарау керек екен. «Куәліктің сол жақ астында он екі сан жазылған жеке сәйкестендіру нөмірі бар болса, бекерге абыржудың қажеті жоқ. Егер жоқ болса, онда құжатты дайындау керек.»-дейді бас маман.

Дәл осы тақырыпта «Оңтүстік Рабат» газетінде  мақала жарияланып отыр.  Айтпақшы,  кейбіреулер  2013 жылдың аяғына дейін рәсімделуі тиіс  ЖСН-ге асығыстықтың қажеті жоқ дейтін шығар.   Бірақ  құжатты өз уақытысында рәсімдегенге не жетсін?!

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz