Нурлан Кайназаров

Елімізде балалар еңбегін заңсыз пайдалану проблемасы түрлі салаларында кеңінен етек алды.  Бұл келеңсіздікдің алдын алу және жою мақсатында Балалардың құқығын қорғау департаменті бүгін арнайы семинар ұйымдастырды. Оған облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, облыстық прокуратура, жұмыс беруші кәсіпкерлер және тақырыпқа қатысты тиісті сала мамандары қатысты.

Еліміздің түрлі өңірлерінде қала және ауылшаруашылығында балалардың еңбегін пайдалану жиі кездеседі. Қалалық жерлерде , әсіресе, балалар қайыршылықпен айналысып, қоғамдық тамақтану және сауда салаларында жұмыс істейді. Сонымен қатар аяқ-киім тазалау, әйнек және көліктерді жуу, қоқыс және ескі- құсқы жинау, базарларда ауыр жүк тасу, жанармай құятын бекеттердегі жұмыстарға балалар көптеп тартылған.

Бала еңбегін болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар өте көлемді. Облыстық балалардың құқығын қорғау департаменті жұмысын бастаған 5 жылдың ішінде ішкі істер бөлімі, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар облысымыздың барлық өңірлерінде жүргізіліп келеді. Бала еңбегі азайған, алайда әлі де болса кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің көмегіне мұқтаждық бар.

Көршілес Өзбекстан Республикасының мақта алқаптарында балалар еңбегін пайдаланғаны үшін Дүниежүзілік балалардың құқықтарын қорғау ұйымдары сол мемлекеттің өнімдерін алудан бас тартып отыр.

Кәмелеттік жасқа дейінгі балалар Алматы облысында темекі өнімдерін жинауға көптеп тартылса, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал, Сарыағаш және Түркістан секілді аудандарында мақта алқаптарына жұмылдырылған. Облыстық прокуратураның Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын сақтауды қадағалау барысында 2011 жылы 7 тексеру жүргізіліп, 80 заң бұзушылықтар анықталып, оның нәтижелерімен келтірілген 2 наразылық қанағаттандырылған.

Нұрлан Қайназаров, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры: «Мемлекеттік болсын, мейлі жекеменшік мекеме болсын барлығына заң ортақ.  Егер балалардың еңбек құқығы сақталмаса,  ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабына сәйкес әкімшілік шара көріледі. «

Семинар тренингте балалардың еңбегі мен құқығы, олардың отбасына қолдау көрсету талқыланды. Ертеңгі ел болашағының тетігін ұстар ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалану, білім алуы мен өнерге қамтылуы, әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің біолікті де білімді, тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ өсіруіне бүгіннен бастап ат салысайық деп тарасты жиналғандар.