Жаңалықтар 

«Бизнестің жол картасы-2020» 9 жобаны мақұлдады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарлама шеңберінде 9 жоба жалпы соммасы 1 131,4 млрд. теңгеге мақұлданды.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Жаңа жобаларды қолдау» бойынша 8 жоба, олар:
«SMART-OIL» ЖШС (мұнай саласында қызметтер көрсету), жобаның мақсаты жаңа құрал – жабдықтарды сатып алу. Кәсіпорында жалпы жұмысшылар саны 850 ден астам.

«Железнодорожный колледж» Мекемесі білім беру саласында жұмыс атқаруда, жобаның мақсаты құрылыс жұмыстарын жүргізу.

«Arken Group» ЖШС жарнамалық қызмет көрсету саласында жұмыс жүргізеді. Жобаның мақсаты құрылыс жұмыстарын жүргізу және айналым қаражаттарын толықтыру.

«Eco Village Kaskasu» компаниясы тұруды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету саласында жұмыс атқарды. Жоба Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында жүзеге асуда. Жобаның мақсаты құрылыс жұмыстарын жүргізу.

«Тассайский щебеночный завод» ЖШС құрылыс материалдарын өндіру. Жобаның мақсаты құрылыс жұмыстарын жүргізу және құрал-жабдықтарды сатып алу.

«Шымкентқұрылыс» ЖШС полиэтиленді құбырларды шығару. Жобаның мақсаты құрал-жабдықтарды сатып алу.
Жеке кәсіпкер Л. Яшенко ұсынған жоба жарнамалық қызмет көрсету саласында, жобаның мақсаты құрал-жабдықтарды сатып алу.

Жеке кәсіпкер Б. Құлбекова ұсынған жоба тасымалдау қызметтерін көрсету. Жобаның мақсаты жаңа көліктерді сатып алу.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдіктерін төмендету» бойынша «Мельнично-промышленная компания» ЖШС жобасы мақұлданды. «Мельнично-промышленная компания» ЖШС бидай өңдеу саласында жұмыс жүргізеді. Жобаның мақсаты құрылыс жұмыстары.

Оңтүстік Қазақстан облысында Бағдарлама бойынша жалпы 68 жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың жобалары мақұлданып, жалпы соммасы 21,03 млрд. теңгеге қаржыландырылған, оның ішінде Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 47 жоба 8,6 млрд. теңгеге және үшінші бағыт бойынша 21 жоба 12,4 млрд. теңгеге мақұлданған.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz