Жаңалықтар 

Депутаттық мандатты алғандар тізімі

Қаңтардың 15-і күні өткен сайлаудың қорытындысы шықпай жатып, елді «Кім депутат болды?» деген сауал мазалауда. Әсіресес облыстық мәслихатқа үміткер болғандардың қайсысы басым дауыспен өткенін білмекке құмар бұл жұрт. Айтайық, облыстық мәслихат депутаттары сапында бұрынғы депутаттар бұл жолы да қайта сайланып отыр. Барлығы бірдей емес. Жаңа есімдер де бар. Мысалы, «Сарыағаш» шипажайының директоры Бағлан Батыршаев, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары болған М.Төлтебаев, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Алмасбек Мамытбеков сынды жастар бар. Сұлтан Сүгірбаев сынды есімі елге бұрыннан таныс азаматтың да депутат болғанын айта кетейік.
Дегбіріңізді қашырмай, тізімді берейік, көріп шығыңыз:

Облыстық мәслихатқа депутат болып сайланғандар:

№1 округтан – Д.Әбіш
№2 округтан — Д.Ахметов
№3 округтан — Ө.Мелдеханов
№4 округтан – Ш.Жамалбеков
№5 округтан – А.Көмекбаев
№6 округтан — Қ.Тұрлыбек
№7 округтан — М.Биғалиев
№8 округтан — Б.Абудкаримов
№9 округтан — Р.Оспанәлиева
№ 10 округтан — Е.Нұрмаханов
№ 11округтан – М.Егізбаев
№12 округтан – П.Райымбеков
№13 округтан – С.Күнтуаров
№14 округтан – Т.Баймаханов
№15 округтан – Л.Тәшімов
№16 округтан – Р.Тәңірбергенов
№17 окргтан – Д.Маннатов
№18 округтан – У.Жусипбаев
№19 округтан – Б.Мусабеков
№20 округтан — С.Бекжігітов
№21 округтан – М.Мейрманов
№22 округтан – Н.Аширов
№23 округтан — О. Аяшев
№24 округтан – С.Бекенов
№25 округтан – С.Сүгірбаев
№26 округтан – Н.Абишев
№27 округтан – Ш.Қаныбеков
№28 округтан — А. Исабаев
№29 округтан — Қ.Аббасов
№30 округтан — Н.Омаров
№31 округтан — М.Оразалиев
№32 округтан — Б.Нишанқұлов
№33 округтан — Қ.Қамбаров
№34 округтан – Қ.Сапарбаев
№35 округтан – Р.Омаров
№36 округтан – С.Сейтжанов
№37 округтан – У.Жүнісбеков
№38 округтан — А.Досболов
№39 округтан – Б.Батыршаев
№40 округтан — Ж.Ағабеков
№41 округтан — А.Сопбеков
№42 округтан — Е.Қанаев
№43 округтан — Д.Бакенов
№44 округтан — М.Төлтебаев
№45 округтан — С.Қуашбаев
№46 округтан — А.Қайыпбеков
№47 округтан — К.Жартыбаев
№48 округтан — А.Мамытбеков
№49 округтан — Е.Құдайберген
№50 округтан — А.Раманқұл

Related posts

Пікір қалдыру

3 пікір - "Депутаттық мандатты алғандар тізімі"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Құдайым-ау, мынаның барлығы сақырлаған еркектер ғой! Бір ғана Рашкүл апай нәзікжанды. Қалғандары өңшең қошқарлар ғой… Былайша айтқанда «текелер». 49 «теке» 1 «ешкі»…Түсінсем бұйырмасын! Бұл дұрыс емес. Саясатқа нәзікжандыларды да көбірек тартқанымыз дұрыс. «Әйелдің қырық жаны бар» деп бекер айтпаған. Рашкүл апайымыздың қасына үш-төрт келіншекті қосу керек еді. Өңшең жантақтың ортасында бір емес, үш-төрт гүл жайқалыыыыыыыппппп жүретін еді. Мәссаған!

Мен бірнәрсені түсінбеймін. Уақтысында бір рет немесе екі рет депутат болған адам неге тағы да мандат алғысы келеді? Бұл сұрақты бірнеше рет «неприкосновенный» болғандарға қойғым келіп отыр. Жасың келді ме, жастарға орын бер! Жастар ғой ертеңіміз! Істесін жұмыс! Үйренсін! Халықпен жұмыс істей білген жастан ертен жақсы бастық та, әкім де, тіпті министр де шығады. Сондықтан, жастардың аяғынан шалып, мандатқа қол жеткізгенше «өліп» кететін ағаларымызға алтын сырға! Жастардан бөлек жұмыстары тындырымды қаншама келіншектеріміз, апайларымыз жүр.Неге солар депутат болмасқа? Келіп-келіп соля баяғы «көкелер» депутат болып жатады. Бұл жолғы сайлауда «другие лицалар» көп. Жастар да бар араларында. Бірақ сол жастардың қатары көп болған… Ары қарай оқу »
Біраз күн елді дүрліктіріп, саяси өмірге жан бітірген сайлау да мәресіне жетіп, өте шықты! “Жүйріктер” анықталды! “Жеңімпаздарды сынамайды”, қалай болғанда да халық өз “таңдауын” жасады. Додаға біз пақырыңыз да қатыстық, науқанның ішкі “ас үйін” көрдік, кейбір үміткерлердің небір құйтырқы әрекеттерінің куәсі болдық! Қалай өткені туралы әлі талай қалам тартылар! Мәселе ол туралы емес! Осы ел не үшін депутат болғысы келеді? «Әр кәллада бір қиял, таз кәллада екі қиял» демекші, біреулер атақ үшін, екіншілері өз бизнесіне тас қамал қорған болып, жаңа тендерлер ұтып алуға «плацдарм» дайындау үшін барады. Ал, қарапайым мұғалім – мен не үшін додаға түстім? «Экономиканың» (өзінің, әлде мемлекеттің… Ары қарай оқу »
wpDiscuz