Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл

568
Қоневқа 100 жыл

Бүгін аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 100 жыл. Осыған орай, Шымкентте бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Ұлы тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойған жұртшылық, қоғам қайраткері туралы орамды ой қозғау үшін ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Алатаудай заңғар тұлға, ұлы қайраткер, кемеңгер ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Алаш тарихынан алатын орны ерекше. Өз заманнының перзенті болған Қонаевтың есімі мәңгілік халықтың жүрегінде. Қоғам қайраткері республиканы басқарған жылдары экономика еселеп өсіп, жаңадан 43 қала салынды, облыстардың саны 19 жетті. Бүгінгі аға буын өкілдері қиын қыстау кезеңде еліне адал болған ұлы ұстазды мәңгі есте сақтайды.

Дінмұхамед Қонаевтың бүкіл ғұмыры Алаш халқы үшін арналғаны бәріне белгілі. Сондықтан үлкен құрметке бөленген ел ағасының өмірлік жолы бізге өнеге дейді шәкірттер.

Димаш деп халқы еркелеткен көрнекті қоғам және мелекет қайраткері, академик туралы орамды ойлар айталды. Алаштың ардақты ұлы бағындырған белестер мен тындырылған тірліктерінің өзі өз алдына бөлек әңгіме дейді ғалымдар.