Оқыс оқиға 

Екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

13- қаңтар күні  түнгі  сағат 01.30-дар шамасында 22 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Шымкент қаласы, Жангелдин көшесінде орналасқан үйлердің бірінде екі азаматтың мәйті жатқанын мәлімдеген.

Қаза болғандар осы үйдің тұрғындары 1956 әкесі және оның 1979 баласы екен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, мәйітті қарау барысында, сараптаманың анықтамасы бойынша, олардың өліміне пышақтан алған дене жарақаты себеп болғаны анықталған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті ретінде 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктінің айтуы бойынша, алкагольдік ішімдік ішу барысында туындаған бас араздық салдарынан, оларды бірнеше рет пышақпен қасақана ұрып-соғып өлтіргені анықталды.

Осы жәйтке қатысты ҚР ҚК-нің 96-бабы «кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz