Жаңалықтар 

Көбейтілген зейнетақы мен жәрдемақы беріле бастады

Шымкентте көбейтілген зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы беріле бастады. Ақша банктік карточкаларға да түсіп үлгерді. Халық банкінің кассаларында да ұзын сонар кезек жоқ. Айлық зейнетақысы мен жәрдемақысын шайлығына жұмсауға асыққан шымкенттіктердің көңілі бір тойғандай. Жоғарылатылған төлемдерін алып, марқайып жүр.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының директоры Жайсаңбай Әлімбетовтің айтуынша, төлемдер кестеге сай жүргізілуде. Оның сөзінше,  Халық банкінің екінші деңгейлі банктерінің барлығында және Қазпоштаның бөлімшелерінде зейнетақыны төлеу өз ретімен жүріп жатыр. Айта өтейік бірінші, екінші, үшінші қаңтар демалыс болып белгіленгендіктен, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу мерзімі қаңтар айының 4-не сай келді.

Алайда, қаладағы барлық банкоматтарда ақша бар деуге болмайды. Сондықтан пластикалық карточкалы азаматтар карапайым кассадан зейнетақысын алғысы келсе, жеке басын куәландыратын құжатын да өзімен бірге алып барғаны дұрыс.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz