Кедендік инспекциялық тексеру кешені іске қосылды

419
Кеден бекеті

Сарыағаш кедендік бақылау стансасындағы халықаралық теміржол өткізу пунктінде Инспекциялық тексеру кешені іске қосылды. Бұл Кедендік бақылауды одан әрі күшейту мақсатында жасалған жұмыстардың бастамасы.

Мұнда теміржол торабындағы операторға 400 метр қашықтықта поездың келе жатқандығы жөнінде автоматты түрде дабыл беріледі. Ал поезд инспекциялық тексеру кешеніне 100 метр қалғанда сканерлеу жүйесі автоматты түрде іске қосылады.

Осы кезде бақылау дәлізімен поездың барлық вагондары түгелімен тексеруден өткізіледі. Тексеру кезінде вагон ішінде қандайда бір заңға қайшы зат болатын болса, ол сол мезетте таспаға басылып қалады.

Таяуда ғана іске қосылған бұл қондырғы арқылы қыруар уақытты үнемдеуге мүмкіндік туып, контрабандалық тауарлардың тасымалына үлкен тосқауыл қойылмақ.