Жаңалықтар 

Мереке күндері жарақат алғандар жетерлік

Жаңа Жылды жақсылап қарсы аламын деп, жазатайым жарақат алып қалғандар бұл жолы да болды. Мереке күндері офтальмологтардың көмегіне жүгінгендер былтырғымен салыстырғанда  едәуір аз.

Өмірзақ Үндербаев, облыстық офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері: «Биыл ауруханаға   11 адам түсті.  Олардың 7-уіне дәрігерлік  көмек көрсетілді. 2 оқушы бірі  Түлкібастан ,екіншісі Мақтаралдан қазіргі таңда ем дом қабылдауда.  Оң көзіне   жарылған петарданың  ұшқыны тиген Мақаатаралдық 10 жастағы оқушы  Қасымжомарт  Тұрғара  енді қысқы демалыс күндерін осы жерде өткізетін болды.»

Қасымжомарт: «Жалғыз  едім.  Аяқтарымның  ортасына от шашуды қойып,  тұтандырып едім. Атылып кетті,көзіме бірақ тиді. Сосын ата-аналарым  Шымкентке алып келді. Қазір жағдайым жақсы, көзім көреді. «

Офтальмологтар алдағы күндері  балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар. Балаларыңызға от шашу алып бермеңіз деп  ата-аналарды ескертеді.

№2 жарақат бөліміне мереке күндері жүгінген азаматтардың басым бөлігі көк тайғақта түрлі жарақат алғандар. Жіліншік, білегін шығарып, сындырып алу мен иығының зақымдануы -маусымдық-қыс мезгіліне тән жарақаттар. Ем дом алып жатқан 122 адамның 14-балалар .

 Үсеин ДАУТОВ, №2 жарақат бөлімінің меңгерушісі: «Қаладағы екі жарақат бөлімдеріне мереке күндері 208 адам түсті. 31-желтоқсан күні  №2 жарақат бөліміне 48 адам түсті, ал №1 жарақат бөлімшесіне — 28. 1 қаңтарда- 36 адам, №1ші жарақат бөліміне- 22 адам көмекке жүгінген. Бүгін түнде кезекшілікте болдым, тұрмыстық жағдайдағы жарақаттармен түсті. Сонымен бірге мейманханадағы ұрыс керіс барысында жарақат алып, дәрігерлік көмекке жүгінгендер болды.»

Ішімдік ішіп, тұрмыстық жарақат алғандар саны азайды деген дәрігерлер мерекені думандатып жүріп жарақат алғандар саны да кемінһгенін айтады. Тек 2-5 оқиға тіркелген. Алайда таңғы және кешкі мерзімде сақ болған жөн деп ескертеді ақ халаттылар. Өйткені қар толығымен еріп біткен жоқ. Әсіресе жасы келген азаматтардың мұқият болғаны абзал, өйткені олардың жарақаты баяу жазылады,- дейді дәрігерлер.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz