Жаңалықтар 

Оңалту орталығына аяз ата келді

Жаңа жылдық шыршаны оңтүстік Қазақстан медицина колледжінің ұжымы да тойлауда. Медицина колледжі биылғы мерекені оңалту орталығының 20 бүлдіршініне жасап берді. Айта өтейік, бұл үлгілі ұжымның жыл сайынғы дәстүрі.

Оңалту орталығының бүлдіршіндері ұлу жылын әдеттегідей жасыл шыршаға жарық беруден бастады. Ертегілер еліндегі Алисамен дидарласып, Самұрық құспен сұқбаттасты. Мерекеге қоян кейпінде киініп келген кішкентай Мақсат ұлу жылы ұлы істерге толы болса екен деп өлеңмен өрнектейді.

Ал мұндай қуанышты балғындарға сыйлаған Оңтүстік Қазақстан Медицина колледжінің ұжымы. 2 мыңнан аса студенті бар колледжде медицина саласына қатысты 5 мамандық бойынша білім беріледі. Үлгілі ұжымның бұл жыл сайынғы дәстүрі.

Роза Үмбетова, Оңтүстік Қазақстан медицина колледжінің директоры: “Шымкент оңалту орталығымен биыл 2-ші жыл жұмыс істеп жатырмыз. Және балаларға біз оқушыларды жіберіп, медициналық көмек көрсету жұмыстарын жасаймыз. Және біз оларға сыйлықтар табыс етеміз. “

Аяз атадан жеткен тартуды тарату құзіретін Роза Үмбетованың өзі атқарсам дейді. Шымкенттегі балалар үйі мен қос оңалту орталығының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлауға әдеттенген басшы осылайша, әрбір бүлдіршіннің жүзіне бақыт нұрын сепкісі келеді.

Мейрамкүл Жаппарханқызы: ” Балалардың көңіл күйі керемет. мұндай шаралар олардың тілінің дамып, қалыптасуына үлкен әсер етеді. Рахмет Розаға”

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz