Жаңалықтар 

Отырар ауданындағы сірескен сеңнің себебі анықталды

Бүгін қолымызға Отырар ауданында орын алған апатқа қатысты тағы бір мәлімет келіп түсті. ОҚО ТЖД сарапшылары көпкүндік зерттеудің нәтижесін мәлім етті. Мамандардың айтуынша, табиғи апат күн мен түннің ауа температурасы екі түрлі болуынан орын алған. Соның салдарынан дария бетіне мұздақтар қатып, ағысқа қарсы ығысып қалған. Сөйтіп сеңнің кептелісінен су деңгейі көтеріліп арнадан асып кеткен. Төтенше жағдай қызметкерлері сонымен қатар дариядан артылған су Өгізсайға құйылып, шамадан тыс судың жиылып жатқандығын мәлімдеді. Бұл өз кезегінде айтарлықтай қауіп төндіреді екен. Тұрғындар қазір қауіптен алыстау үшін айналма жолдарды пайдалана бастапты.

Қазір Маяқұмға жақын жерде екі бірдей қосымша бөгет жасалып жатыр. ТЖД пресс жетекшісінің мәлімдеуінше, Балтөл-Маяқұм тас жолының 5 шақырымында ұзындығы 200 метр, ені 3 метрден асатын бөгет салынды. Ал ауылдың оңтүстік батыс бөлігінде ұзындығы 2 шақырымға созылған қауіпсіздік дамбалар соғылыпты. Жергілікті тұрғындармен қосқанда 100-ден астам адам білек сыбанған.

Ал көксарай су реттегіші бұрынғы қалпында жұмысын жалғастырып жатыр. Қойма қазір секундына 400 шаршы метр су қабылдауда. Ал Шардара су қоймасынан қалған 600 шаршы метр су Дарияға құйылып, босатылуда.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz