Шымкент қаласының әкімі отбасымен дауыс беруге келді

Отбасымен сайлауға

Таңғы сағат 7.00 де ашылған №76 сайлау учаскесіне келіп дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Тәуелсіз бақылаушыларға өз міндеттерін орындауға барлық жағдай жасалған. Әсіресе, ауыл ақсақалдары үшін бұл күн ерекше. Бүгінгі жасаған таңдауымыз елді-мекенің болашағымен байланысты деген көпшілік қала әкіміне өз көкейлеріндегі ойларын жеткізіп қалуға тырысты.

Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев

Сайлау учаскесіне анасы және жарымен келген Арман Жетпісбаев қалалық мәслихатқа сайланып жатқан депутаттардың түрлі саладан болғанын қалайтындығын жасырмады. Себебі, қаламыздың әлеуметік экономикалық даму тұрғысында жасалатын жұмыстары тап бүгінгі сайланып жатқан үміткерлермен бірлесе атқарылатындығы белгілі.

Жасыратындағы жоқ, өз таңдауын жасауға келіп тізімде аты-жөнін таба алмай кері қайтуға мәжбір болғандар да баршылық. Бірақ, облыстық сайлау комиссиясының айтуынша, бұл оларға кедергі бола алмайды.  Учаскеге үй кітапшасымен келсе болғаны.