Жаңалықтар 

Шымкенттегі облыстық сатира әзіл-сықақ театры ғимаратында ауқымды іс-шара өткізуге болмайды

Сатира театрына берілген ғимаратқа 60 жыл болыпты. Оның алғашқы кірпіші 1949 жылы қаланған. Ал мамандардың айтуынша, енді мұнда ауқымды іс-шараларды өткізу өте қауіпті екен.

«Бұл ғимаратта ауқымды іс-шараларды өткізуге болмайды” дейді «Архитектура Дизайн ЖШС-нің бас инженері Анна Сушко. Қазір тексеру жүргізілуде. Кейін барлық материалдарды комиссия мүшелеріне өткіземіз. Сол кезде нақты шешім қабылданады. Ғимарат бұзылады немесе қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін екен.

Мұнда басты проблема бөлмелердің аздығы сонымен бірге, сахнаның тарлығы дейді аталған театрдың көркемдік жетекшісі Мақсат Айтжанов.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz