Жаңалықтар 

Шымкенттік әнші Нұрбол Жорабековтың шығармашылығындағы жаңалықтар

Өнерге келгеніне екі жыл болған Шымкенттік әнші Нұрбол Жорабеков алғаш рет “Айналайын бөбегім” атты әнімен танылған болатын. Қазір әншінің репертуарында 11 әні мен 6 бейне клип бар.

Жақында Нұрбол Жорабеков өнердегі әріптесі Шәмші Дүкенбаевпен бірге “Сенсің сынарым” атты жаңа ән жаздырды. Жаңа туынды махаббат жайында. Егер ән халықтың көңілінен шықса, оған бейне клип түсірмекпіз дейді әнші Нұрбол Жорабеков.

Сонымен бірге әнші жақында “Ана туралы” жаңа әнді жарыққа шығарды. Жас әнші сонымен қатар, алғашқы үн таспасын жарыққа шығару мақсатында қарқынды түрде дайындық үстінде.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz