Жаңалықтар 

Аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы өз отырысын өткізді. Онда бір ғана мәселе қаралды. №3 сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелген Нұрлан Сейтжапаровтың сайлауалды жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарында заңсыздық әрекеттің орын алған, алмағанын анықтау.

Айта кеткейік, аталмыш сайлау округіндегі комиссия кейбір тұрғындардың шағымын негізге ала отырып депутаттықтан үміткерді тізімнен алып тастауға шешім шығарып, оны облыстық аумақтық сайлау комиссиясының қарауына ұсынған.

Сөйтіп,   облыстық аумақтық сайлау комиссиясы депутаттықтан үміткер Н.Сейітжапаровтың сайлауалды үгіт насихат жұмыстарында ешқандай заңсыздық орын алмаған деген шешімге келіп, комиссия мүшелері бір ауыздан кандидатты тізімде қалдыру жөніндегі ұсынысты қолдады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz