Биылдан бастап Шымкент қаласы Әл Фараби ауданының тұрғындарына ыңғайлап «Мегалаб» медициналық зертханасы кезекті қабылдау пунктін ашты. Ол Қазақстанның барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай. Орталық Байтұрсынов көшесіндегі «Спорт» аялдамасының жанында орналасқан. Зертханалық тексеруден күнделікті сағат8.00 ден 15.00-ге дейінғ сенбі күні 8-ден 13.00 ге дейін өтуге болады.

Людмила Горбунова, зертхана меңгерушісі: «Шымкенттіктер Мегалабпен өткен жылдың тамыз айында танысты. Бүгінгі күні зертханамыз емделушілер үшін ОҚО мен Шымкент қаласында қабылдау жүйесін құруда. Қабылдау пунктінің Байтұрсынов көшесінде орналасуы онкодиспансер мен кардио орталыққа келушілерге оңтайласқанымыз. Оларға әрбір минут маңызды. Біздің қондырғымыз — 24 сағат ішінде талдау нәтижесін шығаруға мүмкіндік береді. Бізде дәрігер консультант та жұмыс істейді.»

Мегалабтағы зертеу кешенінде дәрігердің жолдама қағазынсыз-ақ өз бетіңізше сараптамадан өтуіңізге мүмкіндік бар.

Людмила Горбунова, зертхана меңгерушісі: «Біздің зертханада 40 пайыз жеңілдігі бар кәсіби бағдарлама түзілген. Әйелдер мен ер азаматтарға көмек беріп, ішкі органдардың жүрек, бауыр, бүйрек, ішек-қарын, қалқанша бездің қауіпті патологиясын анықтауға лайықталған. Қант диабетінің алдын алуға бағытталған. Және артық салмақ пен балалардың бой өсуі проблемаларымен айналысамыз».

Тұрғындарға қолайлы болу мақсатында тегін әрі тәулік бойы 8 800 080 50 10 телефоны жұмыс істейді.