Жаңалықтар 

Шымкенттік азаматша жаңаөзендіктерге арнап ақ ту тігіп, аза тұтты

2011 жылдың 16-желтоқсанында Жаңаөзен қаласында орын алған қанды оқиға әлі көпшіліктің көңілінде жүр. Үкімет оқиғаның анық-қанығын толық зерттеу үшін арнайы комиссия құрып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен, мыңдаған шақырым қашықтықта отырып, сол Ақтаудағы оқиғаны естен шығармағандығын біздің Шымкент қаласындағы кейбір азаматтар ерекше білдірмек болыпты. Бір шымкенттік Балконға Жаңаөзен деген жазу жазылған плакат іліпті

Гагарин көшесіндегі 137  көпқабатты үйдің үшінші қабатына көпшіліктің көзі еріксіз түседі. Жан-жағымызды қоршаған жарнама мен депутаттықа кандидаттардың тұғырнамалары жазылған плакатардан бөлек, бұл үйдің балконындағы жазу көпшілікті таңдандырып жүр. Біз өз болконына Жаңаөзен деген жазу ілген жанды іздеп табуға тырысып, үшінші қабаттағы екі бөлмелі пәтердің есігін қақтық. Жауап қатқан әйел жасы 40-тар шамасындағы Айгүл Утепова деген  азаматша болып  шықтық.

Айгүл Утепова

Айгүл Утепова: “Менің бұл жазуды ілгенім, Жаңаөзендегі жағдайды көпшілік ұмытпасын деген ойым болды. Ол жақта қаншама адам  шығыны болды. Ал біз қара жамылудың орнына жаңа жылды мерекелеп тойлап жаттық. Ол дұрыс емес”.

Міне тап осындай ойын бүкпестен ортаға салған азаматша заңға қайшы әрекет жасамадым деген сенімде. Тіпті алдын-ала арнайы заңгерлердің кеңісін де алыпты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz