Оқыс оқиға 

Жаңа жылдың алғашқы күнінде орын алған оқиғалар

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 31-желтоқсан күні облыс көлемінде 28 қылмыс жасалып, оның 19-ы ашылған. 5 жол көлік оқиғасы орын алып, біреуі қайтыс болып, 8 адам түрлі дене жарақатын алған.

2012 жылдың 1- қаңтар күні облыс көлемінде екі адам өлімі тіркелген. ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, басты себеп алкагольдік ішімдік болып отыр. Таңертен Сарыағаш аудандық ауруханасына ішінен пышақ сұғылған 21 жастағы жігіт келіп түседі. Алайда, жасөспірімнің өмірін ақ халаттылар арашалап қалалмады. Шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде 22 жасар жергілікті тұрғын күдікті ретінде ұсталып отыр.

Соңынан анықталғандай күдікті қайтыс болған досымен араққа тойып алып келіспей қалған. Нәтижесінде ол серігін пышақтап тастайды. Бұл оқиға Сарығаш қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орын алған.

Тағы бір кісі өлімі 2-қаңтар күні тіркелді. 33 жасар ер кісі арақты бірге ішіп отырған 49 жасар досын ұрып өлтіреді.
Жаңа жыл күні өрт сөндіру бөлімі де жұмыс жасады. 1-қаңтар күні таңғы сағат 06.29 минут кеткенде Республика даңғылында өрт орын алды деген шұғыл хабарлама өрт сөндірушілер пультіне келіп түседі. Екінші қабаттағы өртке оранған пәтерден екі адамның денесі табылған. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz