Жанармай төңірегінде түсінбеушілік көп

333

Күн суытқалы, біздің өңірімізде өзекті мәселе ретінде жанар-жағармай күн тәртібінен түспей тұр. Басқа облыстарды айтпай-ақ қоялық, біздің жақта екеуара жолығып қалсақ болды, әңгімемізді сұйық отынан бастайтын болдық.

Әсіресе, көлік жүргізушілерге бұл тақырып өте таныс. Өткен аптада «Отырар» телеарнасының жаңалықтар қызметі тағы бір оқиғаға куә болған еді. Облысымызға қарасты аудан-қалалардан жиналған жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері облыс орталығындағы кәсіпкерлерді қолдау басқармасына барып, өз талаптарын көлденең қойды. Бұл қандай талап?

Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы бастығының орынбасары Снабаев Мырзахмет Спабекұлына бірнеше сауалдар қойылып, тиісті жауабын естідік.

– Талап қоюшы кәсіпкерлермен өзіңіз жүздестіңіз. Барынша түсіндіріп бақтыңыз. Ол кісілердің қойып отырған талабы сіздерге бұрыннан таныс па?
– Аталмыш мәселенің туындағанына 2-3 жылдың көлемі болып қалды. Бұл жанар-жағармай мәселесінің төңірегіндегі сұрақ. Мемлекеттік шектеу бойынша жанар-жағармайға тұрақтанған баға қойылды. Яғни, АИ-92 сұйықотын – 106 теңге, дизельді отын – 90 теңге, АИ 80 – 86 теңгеге тұрақтандырылған. Ол әр ай сайын министрліктегі арнайы топ арқылы бекітіліп, бізге беріліп отырады. Ал қазіргі таңда мемлекет тарапынан бөлінетін жанар-жағармайлар барлық облыстарға шектеумен беріліп отыр. Біздің облыстың АЙ 92 сұйық отынының пайдалану мөлшері 18 мың тонна болса, мемлекет тарапынан АИ-92 жанар-жағармайына бір айға 14 мың тонна ғана келді. Сол бөлінген 14 мың тоннаға байланысты «Петро Қазақстан» хат жолдады. Онда 80 мың тонна мұнайдың зауытқа жеткізілмеуі себебінен осының есебінен 2 тонна қысқартамыз деген. Сонда «Петро Қазақстан» беріп отырған 5 тонна АИ-92-нің 2 мың тоннасы қысқарып, 3 мың тоннасы қалайын деп тұр. Сондай-ақ, АИ-80 сұйық отынының 2,5 мың тоннасы қысқарып отыр. Бұл өндірілмеген мұнайдың жетіспеушілігінен туындап отырған мәселе. Бұл жерде біздің басқарманың да, облыстық әкімдіктің де ешқандай кінәсі жоқ. Ал бұл жетіспеушіліктің орнын толтыратын жаңағы министрліктегі жұмысшы топтың берген хаттамасында көрсетілгендей, АИ-92 жағармайы жетіспеген жағдайда Ресейден тасымалданады. Оны «Гелиус», «СинОйл», «Қазмұнайгаз», «Газпром» компаниялары жүзеге асырады делінген. Қазір облыс көлемінде жанар-жағармай тарапынан туындап тұрған қатер жоқ. Ол барлық бекеттерде, әсіресе жаңағы аты аталған ламинаттарда сатылып жатыр. Ал енді, кәсіпкерлердің арыз-талабына келсек. Бұл кісілердің сұрап отырған талабы өте орынды. Қазір мұнай таратушы қор ұстаушылар мұнай базасын жалға алған. Олар көтерме бағамен сататын қауымдастық құрған. Атап айтсақ, «Санойл», «Петро Қазақстан», «Литаска». Олардан бір ғана АИ-92-нің бағасы 96-99 теңге аралығында бостылады.

– Ал енді олар шалғай аудандарға жеткізіп, сату үшін тағы да шығындалады. Сонда тасымалдаушылар өнімді халыққа қанша теңгемен сатады?
-Жоқ дегенде 2-3 мың теңге көлемінде шығындалады, жеткізілуімен 103-104 теңгеге жетеді. Сонда да олар 106 теңгеден асырмай сатуы керек. Күніне 500 тоннадан сатқанның өзінде тек 1000-2000 теңге көлемінде ғана табыс көретін сияқты. Сол себептен бағаны жоғары қарай босатса деген талаптары бар. Ал баға өскен сайын ол қарапайым халықтың жүріп-тұруына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, бағаны белгіленген 106 теңгеден асырмауға жұмыс жүргізіп жатырмыз, жанармай жеткілікті. Осының салдарынан шағын кәсіпорындар да жабылып қалмаймыз ба деген қауіп бар.

Жаңа бір кәсіпкер біз алты айға келісім -шарт түзіп қойғанбыз деді. Олар келісім-шартты кіммен түзген?
– Мысалы, Созақ ауданынан болса, онда олар «ҚазАтомпроммен» түзген. кәсіпкерлер жергілікті кәсіпорындармен шарт түзеді. Ал қарсы тарап тасымалдап, жеткізіп беріп жатқан шығындарының ақталмай отыруына байланысты осындай жағдай туындауы мүмкін.

– Сонда олар, кәсіпкерлікті қолдау басқармасының жасап отырған мүмкіндіктері арақасында өз пайдасын көздеп отырған азаматтар ма?
– Ия, енді кәсіпкерлердің міндеті жұмыс көзін ашып, табысты көбейту. Енді ол кісілердің табыстары төмендеп бара жатқан соң, амалсыздан осындай шараға барып отырған болар.

– Өткен жылдың соңғы айларындағы жанармай тапшылығына байланысты кейбір кәсіпорындар сұйық отынды талонмен босатқан еді. Сол кезде талон іздеп сандалған жүргізушілердің басым бөлігі сол талонды артығымен алып қойып, бүгінгі таңда жапа шегіп отыр екен. Өйткені қазір талонмен сұйық отын берілмейді. Неге? Олардың ақшалары ауаға кеткені ма? Бұл жөнінде не айтасыз?
– Желтоқсан айында бұл мәселенің туындағаны рас. Себебі жылда жоспарлы жөндеу жұмыстары өтіп тұрады. Мұнай өңдеу зауытында 2011 жылы 18-қазаннан 18-қараша арасында, яғни бір ай кезекті жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүрді. Бірақ, 18-қазанда іске косылатын зауыт ауа-райының күрт өзгеріп кетуіне байланысты қазан айында тағы бір аптаға шегеріліп, 27-28 қазанда іске қосылды. Сол кешіккен бір аптаның салдарынан уақытылы қосылмаған зауыт өнімдерді өңдей алмай, екі апталық жанармай тапшылығы болды. Бірақ оны үлкен даминаттар жауып отырды. Яғни «Гелиос», «Қазмұнайгаз» өзінің тарапынан осыны толықтырып отыруға әрекет жасады. Сонда келісілген әрекеттің аркасында облыс тығырықтан шыға білді. Мүмкін олар таңертеңнен түске дейін сатып, түстен кейін талонмен сатар. Енді ол әр компанияның өз еркіндегі мәселе.

– Мырзахмет Спабекұлы әңгімемізді түйіндесек.
– Қазіргі таңда 360 лицензиясы бар кәсіпкер болса, біз тағы 112 кәсіпкердің лицензия алмақ болған өтінішін енгізіп отырмыз. Ал өткен айда 120-дайы енген болатын. Қор ұстаушы компаниялар үлкен тізімді қаламайды, оларға көтерме бағада бірден беріп жіберген ұнайды. Енді біз осы талап- арыздарды қабылдатуға ықпал жасап, жұмыс істеп жатырмыз.

– Туындаған мәселені қалай шешесіздер? Бір мәмлеге келетін болдыңыздар ма?
– Бізде 11 адамнан тұратын арнайы жұмысшы тобы құрылды. Олар әр ай сайын министрліктен бөлінетін сұйық отынды әр аудан, қаланың халық санына байланысты бөліп отыратын болады.
-Әңгімеңізге размет. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз еселене бергей!

Қайыпбек Қамбаров, облыстық авто жанрамай құю бекеттері қауымдастығының төрағасы: » Негізі кәсіпкерлер көп нәрсені түсіне бермейді. Яғни, біз нарықтық заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазір бізде бәсекелестік. Әрбір жанармай құю бекеті қосылған сайын жаңағы бәсекелестік өршей түседі. Біздің облыста 500 ден аса АЖБ бар. Осыдан 15 жыл бұрын бір ғана Шымкентте 8 ғана бекет бар болатын. Ал қазір олардың саны күн санап өсіп бара жатыр. Өткенде бас қосқанымызда мен айтқан болатынмын, біздің облысқа 300 АЖБ жетеді деп. Өйткені облысқа тиесілі 5 тонна сұйық отынды олардың барлығына үлестіріп беру мүмкін емес. Ол тек қана 200-300 жанармай бекеттеріне сатылады. Сөйтіп, кейбір бекеттерге жетпей қалады, содан барып бағасы әртүрлі болып шыға келеді. Менің айтарым, бәсекелестікке төтеп берген ғана жұмыс істей алатын уақыт туған. Оның үстіне жеткізіп берушілер мен ортадағы делдалдарда бағаны өсіріп жіберуі мүмкін. Ал «Газпром» компаниясы Ресейден өздері әкеліп жатыр, оларға біздің министрліктен ондай жағармай бөлінбеген де. Негізі, келешекте нарыққа төтеп бергендер ғана қалады. Өйткені өмірдің заңы сондай.»  [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=S3NhUoWC8wA&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=4&feature=plpp_video[/youtube]