Ауа райының күрт жылынуынан Қазығұрт ауданының тұрғындары да зардап шекті. Сай сала мен каналдардан аққан су Молбұлақ елдімекеніндегі бірнеше үйдің ауласына кіріп тұрғындарды бірәз әбіржітіп тастады. Осындай су тасқынына Молбұлақтықтар алғаш рет тап болып отыр. Ауыл ішіндегі үш көшені су алып кетті. Тұрғындар қолда бар құрал-саймандармен баспаналарын сақтап қалуға барынша күш салуда. Үрейленген кейбір отбасы киім- кешектерін жинап, туыстарын жағалап кетуге әзір.
Үш күн бойы тасыған судың бетін қайтаруға аудандық төтенше жағдайлар басқармасының 36 маманы жұмылдырылды. Қапқа құм салып арық атыздардың енін үлкейтіп су кедергілерін ашуға әрекеттеніп жатыр. Облыстан көмек те сұрапты.
Мамандар әзірге құлаған үй жоқ дейді дегенімен 30-дан астам үйдің ауласына су кірген. Аудан басшылығы 31 техника мен 300 адам жұмылдырдым дейді. Ащыбұлақ өзенінен секундына 3 текше метр су елдімекенге қарай ағып жатыр екен сол судың арнасын өзгертсе жағдай тураланады дейді әкім. Су тасқынына байланысты зардап шеккен отбасылардың жағдайын анықтауға арнайы комисия құрылытын болады.