Қылмысты полицейлер де жасайды…

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Ғ.МИРАЗОВтың айтуынша  облыстық прокуратура өзінің констуциялық өкілеттігін жүзеге асыру барысында аймақтағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күресті үйлестіру қызметін күшейтуге барлық қажетті шараларды қолдануда.

Прокурорлық шара көру актілерінің негізінде Есеп-тіркеу тәртібін бұзған 390 (282) лауазым иесіі тәртіптік жауапкершілікке тартылса, әл-Фараби ПБ-нің бастығы атқарып отырған қызметінен босатылды, 2 ПБ-нің бастықтарына қызметтеріне сәйкес еместігі туралы ескертілді. Еңбекші ПБ-нің бастығына «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шарасы қолданылды.

Азаматтардың конституциялық құқығын бұзғаны үшін қылмысты қудалау органдарының 63 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 4 қылмыстық іс қозғалса, олардың 3-еуі негізінен қарау үшін сотқа жолданып, айыптау үкімдері шықты. ІІД-нің және оның құрылымдық бөлімдерінің қызметінде орын алған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық ықпал ету актілері енгізілген. Бірақ, олар тарапынан тиісті нәтиже шығарылмауына байланысты ҚР Бас прокуратурасы арқылы ҚР ІІМ-не ұсыныс енгізіліп, оны қарау нәтижесінде 218 қызметкер жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы , 4 аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшылары мен тергеу басқармасының бастығы  қызметтерінен босатылды.

2011 жылы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық санатындағы 285 қылмыс тіркеліп,….(Мақаланың толық нұсқасын «Оңтүстік Рабат» газетінің 6-нөмірінен оқуға болады).

Артық болмас білгенің…

2011 жылы полиция қызметкерлерінің  қатысуымен орын алған 47 қылмыстық іс қозғалды. Оның:

— 9 қызметтік лауазымын пайдалану

— 16 өкілеттік қызметін асыра пайлану

— 7 пара алу

— 4 алаяқтық

— 1 әйел зорлау

— 2 кісі өлтіру

— 3 бұзақылық

— 1 зорлық көрсету. т.б.

Былтыр 16742 қылмыстық іс тіркелген болса, 504 қылмыс есептен жасырылған

қылмыстық істі жасыру фактісі бойынша полиция қызметкерлерінің  үстінен 10 қылмыстық іс қозғалды.